Мемлекет басшысы Қанат Исламды қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында еліміздегі кәсіпқой боксты және балалар мен жасөспірімдер спортын, соның ішінде ауылдық жерлерде бокс үйірмелерін дамыту мәселелері талқыланды.

Орта салмақтағы WBO Inter-Continental белбеуінің иегері Қанат Ислам Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің спортшыларына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.


Мемлекет басшысы боксшының алдағы өтетін жекпе-жектерде жеңіске жетуіне тілектестігін білдірді.


«Белгілі боксшымыз Қанат Исламды WBO Inter-Continental чемпиондық титулын иеленуімен құттықтадым. Алдағы уақытта да халықаралық турнирлерге қатысуына жан-жақты қолдау көрсетілетінін айтып, жаңа табыстар тіледім», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.


Еске сала кетсек, 5 шілдеде Қанат Ислам қарсыласын 14 секундта құлатып, WBO Inter-Continental титулын иеленді және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой боксшы Қанат Исламның алда өткізетін жекпе-жектеріне сәттілік тілеген еді.

Соңғы жаңалықтар