+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы инфляцияны 4-6 пайыз дәлізіне қайтаруды жүктеді

2021 жылғы 1 қыркүйек 12:02
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы инфляцияны 4-6 пайыз дәлізіне қайтаруды жүктеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына кезекті Жолдауында Ұлттық банк пен Үкіметті инфляцияны 6-4 пайыз дәлізіне қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ұлттық банк инфляцияның өсуіне түсінік берді Қазақстанда өңірлердің басым бөлігінде инфляция жылдамдады Ерболат Досаев алдағы жылдары инфляция деңгейі төмендейтінін айтты

«Біз инфляцияның бақылаусыз өсіміне тап келдік. Ұлттық банк, Үкімет оны әлемдік тенденцияларға сілтеп, инфляция алдында дәрменсіз болып шықты. Мұндай сипаттағы желеулер ұлттық экономиканың қауқарсыздығын көрсетеді. Тағы бір сұрақ туындайды. Сонда біздің кәсіби экономистердің рөлі неде? Ұлттық банк пен Үкіметтің басты міндеті – инфляцияны 6-4 пайыз дәлізіне қайтару», - деді ҚР Президенті.

Сондай-ақ, ол Ұлттық қордың активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережеге көшуді жеделдетуді тапсырды.

«Соңғы кезде мемлекеттік шығыс міндеттемелерін жабу үшін бюджет тапшылығы мен Ұлттық қордан алынатын трансферттің арту тенденциясы байқалуда. Үнемі мұндай жеңіл жолмен жүру мүмкін емес. Қаржылық тұрақтылық қоры шексіз емес. Бюджеттің кірісін арттыру бойынша шаралар қажет екені анық. Бірақ бірінші кезекте мемлекеттік шығындардың көлемі мен тиімділігіне бақылау керек. Ұлттық қор активтерін қалпына келтіру үшін бюджеттік ережені енгізуді жеделдету керек. Тиісті заңнамалық түзетулер жылдың соңына дейін қабылдануы қажет», - деді Президент.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT