Мемлекет басшысы «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешенінде болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Green Capital Kazakhstan» жылыжай кешеніне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында жылына 3 мың тонна көкөніс өсіретін «Green Capital Kazakhstan» ЖШС-нің жылыжай кешенін аралап көрді.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорынның шығаратын өнімдерімен танысты және жаңа жұмыс орындарын ашып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін осындай инвестициялық жобаларды іске қосудың маңызды екенін атап өтті.
null

Соңғы жаңалықтар