+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты

2020 жылғы 14 ақпан 18:53
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы германиялық компанияларға Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері туралы айтты

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Rhenus SE & Co. KG басқарма мүшесі, Rhenus Port Logistics және Rhenus Recycling бас директоры Михаэль Виферспен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Кемелұлы германиялық компанияның басшысына еліміздегі экономикалық өсім тұрақты екенін және инвестициялық жобаларға тиісті жағдай жасалғанын атап өтті. Бұл тұрғыда Мемлекет басшысы шетелдік инвестиция тарту жоспарланғанын, сәйкесінше инвестициялық салада сенімді елдердің арасында Германия да бар екенін жеткізді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы Қазақстаннан арнайы келген делегация мүшелерін атады. Делегация құрамында Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр, Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Қазақстанның Германиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дәурен Кәріпов бар.

Өз кезегінде Михаэль Виферс Қазақстан Президентімен кездесуге мүмкіндік болғанына ризашылығын білдіріп, компанияның әлеуетімен таныстырды. Оның атап өтуінше, компанияның жылдық қаржы айналымы шамамен 50 млрд еуроға жуықтаған.

Rethmann Group тобының еншілес компаниясы теңіз, теміржол, авто және әуе тасымалдары саласында транспорттық-экспедиторлық қызметті іске асырады.

Rhenus Logistics-тің Вильнюс (Литва), Франкфурт (Германия), Киев (Украина), Мәскеу және Мәскеу облысында (Ресей) қоймалары бар.

Сонымен бірге, компания қоймалар құрылысындағы инновациялық идеяларға инвестиция құюмен айналысады.

1912 жылы негізі қаланған компанияның бас офисі Хольцвиккед қаласында орналасқан. Компанияның жылдық кірісі 5,1 млрд еуроға тең, 31 мың адамды жұмыспен қамтып отыр.

Германиялық компания елімізде «Rhenus Logistics» ЖШС деген атпен тіркелген. Қазақстан аумағы мен ТМД елдеріне тасымалмен айналысады.

2020 жылдың 28 қаңтарында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен «Remondis International GmbH», «Rhenus Logistics» компанияларының басшылары арасында кездесу өтті. Кездесу барысында компания жетекшілері Қазақстан аумағында теміржол немесе автокөлік контейнер терминалының құрылысына, сондай-ақ дайын жобаға инвестиция салуға әзір екенін жеткізді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT