Мемлекет басшысы Германияға ресми сапармен барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биылғы 5-6 желтоқсанда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасына ресми сапармен барады. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Сапар барысында Канцлер Ангела Меркельмен келіссөз жүргізіледі және Қазақстан мен Германия арасындағы екіжақты өзара қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын қарастырады деп жоспарланған. Сапар бағдарламасына Мемлекет басшысының Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен және Бундестаг төрағасы Вольфганг Шойблемен кездесуі енгізілген»,-деп жазды баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ онда Қасым-Жомарт Тоқаевтың 6 желтоқсанда Берлинде көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің, Германияның мемлекеттік органдары өкілдерінің, «Германия – Орталық Азия» парламенттік достық тобы мүшелерінің алдында сөз сөйлейтіні айтылған. Бұған қоса Мемлекет басшысы Берлин еуразиялық клубының 28-отырысына қатысады. Сондай-ақ, неміс компанияларының басшыларымен кездесу өткізеді.

Соңғы жаңалықтар