Мемлекет басшысы француздық бизнесмендерді елімізде жүзеге асырылатын жобаларға қатысуға шақырды

None
None
анның 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін  Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Франция бизнес форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев француздық бизнесмендерді елімізде жүзеге асырылатын жобаларға қатысуға шақырды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түрлі салалар бойынша қазіргі кезде жалпы көлемі 50 миллиард АҚШ долларынан астам қаржыға 220 жобаны жүзеге асыру тұрғысында жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тоқталған Елбасы, «осында қатысып отырған Франция бизнесмендерін өзара тиімді негізде біздің   индустриялық-инновациялық  жобаларды іске асыруға қатысуға шақырамын» деді.

Осыған байланысты Мемлекет басшысы екі елдің экономикалық ведомстволарын, Қазақстанның Индустрия және сауда министрлігіне, кәсіпкерлер бірлестігіне және сауда палаталарына қазіргі жетістіктерде тежеліп қалмай, бірлескен жұмыстарды жалғастыру керектігін ескертіп өтті.

«Мен өз тарабымнан іскер топтардың өкілдеріне Қазақстан тұрақты инвестициялық климатын ұстанып тұрған тұғырын бұдан әрі де сақтап қалатынын айтқым келеді», деді Мемлекет басшысы.

Елбасы Қазақстан дәл осындай саясатты ұстану арқылы 93 миллиард тікелей инвестиция тарту мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар