Мемлекет басшысы Ерболат Досаев туралы: Іскер, еңбекқор адам

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының жаңа әкімі Ерболат Досаев тағайындауға қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ондай ойым жоқ. Алматы – еліміздегі ең ірі, ерекше шаһар. Қаланың ахуалы, тұрғындардың әл-ауқаты менің жеке назарымда. Қаңтар оқиғасы кезінде қаланың экономикасы зардап шекті. Азаматтардың және бизнес иелерінің дүние-мүлкі тоналды. Көптеген нысан өртелді, қиратылды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы, қираған қаланы қалпына келтіру керек оңай шаруа емес екенін айтты.

«Сондықтан осындай жауапты жұмыс жаңа әкім Ерболат Досаевқа жүктелді, қолынан келеді деп үміттенемін. Себебі оның бизнес саласында, мемлекеттік қызметте тәжірибесі мол. Іскер, еңбекқор адам. Жұмыс істеуіне мүмкіндік берген жөн деп ойлаймын», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар