Мемлекет басшысы электрондық үкімет порталының жұмысын күшейтуді тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Электрондық үкімет порталын насихаттау үшін қажетті шараларды қабылдау керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде біздің азаматтар мемқызметтердің 70 пайызға жуық түрін, яғни 750 қызметтің 504 түрін электрондық үкімет порталы арқылы алады. Сонымен бірге, осы қызметтердің тек бесінші бөлігі электрондық форматта ұсынылады. Бұл өз кезегінде халықтың қызметтер жайында әлсіз ақпараттандырылғанын, техникалық әрі рәсімдік қиындықтардың бар екенін білдіреді», - деді Президент.

Осы орайда, Мемлекет басшысы жауапты министрлікке сервисті жақсарту мен тиімділікті арттыру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Мұнымен қоса Қ. Тоқаев білікті қызметкерлердің жетіспеушілігін, ақпараттық жүйедегі кемшіліктерді жоюды тапсырды. Осы орайда ақпараттық жүйелердің интеграциясын жоспар бойыша іске асыру жүктелді.

«Электрондық үкімет порталын насихаттау мен оның жұмысын қамтамасыз ету бойынша Үкімет тиісті шараларды қабылдауы керек», - деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар