Мемлекет басшысы елден ештеңені жасырып отырған жоқ - сенатор

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ашықтық және әділдік қағидаты сын күндерден алып шығары анық. Бұл туралы Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өкінішке қарай, елімізде террорлық әрекет көптеген азаматтарымыздың өмірін жұлып кетті. Құрбандыққа ұшырағандар да аз емес. Халықаралық терроризм ауқымы мен келтірген залалдары бойынша барлық адамзаттың, соның ішінде біздің елдің де үлкен проблемасының біріне айналды. Біз үшін ең маңыздысы - Отанымыздағы әрбір азаматтың Тәуелсіздіктің игілігін сезінуі. Оның басты көрінісі – елдегі бейбіт өмір, қоғамдағы тұрақтылық пен өркениетті дамуы. Сондай-ақ, халықтың тұрмыс сапасының қарқынды жақсаруы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы», - деді Сұлтанбек Мәкежанов.

Осы орайда ол елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасы ұсынылып отырғанын атап өтті.

«Мемлекет басшысы елден ештеңені жасырып отырған жоқ. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді бағдарламасын ұсынды. Осындай елдіктің маңызды межесінде тұрғанда, бағдарламаны орындауға бүкіл халық болып атсалысуымыз керек. Біз Мемлекет басшысына сенеміз, халқымыздың даналығына сенеміз, ашықтық және әділдік қағидаты сын күндерден алып шығары анық. Халқымызға бірлік-береке, ынтымақ, зор денсаулық және бақытты болашақ тілеймін!» - деді сенатор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Бас прокуратура тәртіпсіздіктер мен террористік шабуылдан қаза болғандардың жалпы санын атады.

«Адам шығыны болған оқиғаларды тергеп, тексеруге ерекше назар аударылуда. Бүгінгі күні 4578 жәбірленуші анықталды. Оның 4353-і жараланды. Оның ішінде 3393 құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Төтенше жағдай кезінде моргтерге қазақ тапқан 225 адам жеткізілді. Олардың бір бөлігі террактілерге қатысқан, ғимарттар мен құқық қорғау қызметкелеріне шабуыл жасаған қарулы бандиттер. Қаза болғандардың ішінде 19 полиция және әскер қызметкерлері де бар. Аталған деректер алдын ала сипатта. Олар әлі нақтыланып жатыр, өзгеруі де мүмкін. Дегенмен, әрбір факт мұқият тексеріледі, нәтижесі бойынша құқықтық баға беріледі», - деді ҚР Бас прокуратурасы қылмыстық қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев.

Сонымен қатар Бас прокуратура оқиғаның толық хронологиясын жариялады.

Сурет: 7kun.kz


Соңғы жаңалықтар