Мемлекет басшысы экономиканы реформалау және жаңғырту бағдарынан айнымайтындығын көрсетті - сарапшы пікірі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Вячеслав Додонов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының сөз сөйлеуінен Қазақстан экономикасының қазіргі ахуалына, оның негізгі салалары және даму болашағына байланысты бірқатар тезисін бөле қарастыруға болады. Ең алдымен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экономика бетпе-бет келіп отырған проблемаларға барынша назар аудартты. Ол бірінші жартыжылдықта жалпы ішкі өнім 1,8 пайызға құлдырағанын, қызмет көрсету саласы айтарлықтай зардап шеккенін, бюджет кірісінің үлкен көлемі түспей қалуынан мемлекеттік қаржы жүйесіндегі ахуал күрделі болып отырғандығын және осыған байланысты Ұлтттық қордың айтарлықтай қаражаты жұмысалғандығын атап өтті», - деді ол.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан тап болған макроэкономикалық проблемалар негізінен сыртқы факторлардың әсерінен орын алып жатыр. Яғни, шикізат бағасы құлдырады. Коронавирус індеті өршіді. Осындай күрделі жағдайда мемлекет халық пен бизнеске көмек крсету үшін өзінің әлеуметтік міндеттемесін арттырды. Ал бұл бюджет шығыстары мен Ұлттық қор трансфертінің ұлғаюына алып келді.

«Мемлекет басшысы шағын және орта бизнестің қолдау үшін бірқатар теңдессіз дағдарысқа қарсы шараның қабылданғанын, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жүзеге асырылып жатқанын, оның аясында 225 мың адам жұмысқа орналасуы тиістігін атап өтті. Індет кезіндегі шұғыл проблемаларды шешу үшін ҚР Үкіметінің және өңірлердің бюджеттерінен 150 млрд теңге бөлінгенін айтты. Дағдарысқа қарсы сипаттағы осы және өзге де шаралар Ұлттық қордан республикалық бюджетке 4,7 трлн теңге мөлшерінде рекордтық көлемді алуға түрткі болды. Әдеткі уақытта бұл транш көлемі шамамен 3 трлн теңгені құрайтын», - деді Вячеслав Додонов.

Оның атап өтуінше, қазіргі жаһандық дағдарыс ел экономикасына төндіріп отырған проблемалар жедел, тактикалық, сонымен қатар стратегиялық тұрғыдағы кешенді шешімдерді әзірлеуді қажет етеді. Мұндай шешімдердің кпөшілігін Президент сөз сөйлеуі барысында нақты айтып та берді. Айталық, Мемлекет басшысы инфлияция шегін 8-8,5 пайыз дәлізінде ұстап тұру, мемлекеттік құнды қағаздар нарығын дамыту жұмыстарын жандандыру, бәсекеге қабілетті тауарларды сыртқы нарықтарды ілгерілету, дәрі-дрмек өндірісін дамыту, шетелдік инвестициятарту жұмыстарын жандандыру мәселелеріне баса мән берді.


Соңғы жаңалықтар