+7 (701) 759 90 19
USD 427.15 EUR 519.12
RUB 5.96 CNY 66.84
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президентімен онлайн сөйлесті

2021 жылғы 14 мамыр 16:45
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президентімен онлайн сөйлесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Анна Бьердемен онлайн жүйесінде сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті елімізге жұмыс сапарымен келген Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша вице-президенті Анна Бьердемен видео конференция арқылы кездесу өткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Анна Бьерде Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасындағы ынтымақтастықтың өзекті бағыттарын және алдағы уақыттағы кооперацияның басымдықтарын талқылады.

Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан қаласына келген Анна Бьердеге ілтипат білдіріп, бұл оның Қазақстан мен Орталық Азияға жасаған алғашқы сапары екенін атап өтті.

«Біз Дүниежүзілік банкпен арадағы көпжылдық серіктестікті жоғары бағалаймыз. Осы уақыт аралығында банк елімізге 6 миллиард доллардан астам инвестиция құйды. Қазіргі таңда сіздермен бірлесіп, әртүрлі 12 жобаны, атап айтқанда, көлік, білім беру, экология және қаржы салаларындағы бастамаларды жүзеге асырып жатырмыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы бірқатар экологиялық мәселені шешуге үлес қосқанын, соның ішінде, «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Солтүстік Арал теңізін сақтап қалу» жобасының екінші кезеңіне 1,5 миллион доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсеткенін айтты.

Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық проблемалардың шешілуіне баса мән беретінін, «жасыл экономика» мәселелеріне және аталған саладағы ықпалдастықты жеке бақылауына алуға дайын екенін жеткізді.

Анна Бьерде Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесуге мүмкіндік жасағаны және Дүниежүзілік банкпен арадағы ынтымақтастықты жоғары бағалағаны үшін ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол елімізде Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан реформаларды қолдайтынын айтты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT