+7 (701) 759 90 19
USD 376.42 EUR 417.41
RUB 6.09 CNY 54.54
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

2019 жылғы 17 шілде 19:06
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Дүниежүзілік банктің вице-президенті Сирил Мюллермен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізеді Қазақстан Президентінің апталық жұмысына видеошолу Қазақстан Президенті жаңадан тағайындалған Оман Сұлтанын құттықтады

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы алдағы жылдарға арналған жоспарлары талқыланды.

Сирил Мюллер Қасым-Жомарт Тоқаевқа әртүрлі сектордағы ынтымақтастықтың қорытындылары, соның ішінде, ауыл шаруашылығы, жаңа технология және жасанды интеллект салаларындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылуы жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызмет салаларындағы өзара ықпалдастық мәселелері қарастырылды.

Дүниежүзілік банк тікелей шетелдік инвестициялар тарту бойынша Қазақстанды Орталық Азиядағы көшбасшы ретінде мойындайды және осы бағытта елімізге одан әрі жан-жақты қолдау көрсетуге, сондай-ақ, өңірлік кооперацияның дамуына септігін тигізуге ниетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT