Мемлекет басшысы DP World компаниясы директорлар кеңесінің төрағасын қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы DP World компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайемді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға халықаралық компанияның қатысуы жөнінде мәлімет берілді.

Қазақстан Президенті шетелдік инвесторлардың өзара тиімді жұмысы үшін елімізде барлық қажетті жағдай жасалғанын айтты.

«Қазақстанның Ақтау, Құрық теңіз порттарына қатысты инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға атсалысып жүргеніңізді білеміз. Аталған жобалар жемісті әрі тиімді болады деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы.

Сұлтан Ахмед бин Сулайем Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездескені үшін алғыс айтып, DP World компаниясының жақын арада іске асыру үшін жоспарлаған перспективті инвестициялық жобалары туралы айтты.

Соңғы жаңалықтар