Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласына шектен тыс күш түсуі мүмкін екенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы уақытта денсаулық сақтау саласына шектен тыс күш түсуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Мемлекет басшысы Twıtter парақшасында жазды.

«Денсаулық сақтау министрлігі мен «СҚ-Фармация» басшылығы медицина қызметкерлеріне берілетін жеке қорғаныс заттарының сапасы мен тиісті көлемде жеткізілуін қатаң бақылауы қажет» деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, денсаулық сақтау саласына шектен тыс күш түсу қаупі бар.

«Үкімет пен әкімдер шұғыл түрде жансақтау бөлімдерін құралдармен жабдықтап, оған бас дәрігерлер мен әкім орынбасарларын жауапты ретінде бекітуі керек» деп жазады Президент.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы еліміздегі коронавирус індетіне байланысты эпидемиологиялық ахуал жөнінде кеңес өткізді.


Соңғы жаңалықтар