Мемлекет басшысы бұзақылар туралы: Қарапайым тұрғын боп киініп алып, сақалдарын алып тастап жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезектен тыс сессиясында елге төнген қауіп бетінің қайтарылғанын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевты ң айтуынша, елімізде лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр.

«Ұсталған азаматтардан 116 қару-жарақ тәркіленді. Сол сияқты қалған шабуыл жасаушыларды іздеу жұмысы жалғасуда. Олар жасырынудың жаңа әдісін тапқан. Яғни қарапайым тұрғын болып киініп алып, сақалдарын алып тастайды тағы сол сияқты. Алдымызда ауқымды іс тұр, оған құқық қорғау органдары мен әскери ардагерлер де тартылып жатыр. Елді бұрынғы қалпына келтіру жолында барлық мемлекеттік органдар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Ертең мен Парламентте жаңа Үкімет құрамын таныстырып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайын реттейтін нақты тапсырма беріледі. Лаңкесттікке қарсы операция таяуда аяқталады, сонымен бірге ҰҚҰШ-ның Қазақстандағы қызметі аяқталады», - дейді ол.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бастысы алдағы уақытта мұндай қателіктің қайталанбауы маңызды екенін жеткізді. Және Қазақстан ынтымақтастық пен әріптестікке әрқашан дайын екенін айтты.

Соңғы жаңалықтар