Мемлекет басшысы: Бізге парламенттік оппозиция институты қажет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Біздің қоғам партия құрылысының жаңа сапалық кезеңіне өтетіндей дәрежеге жетті. Бүгін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің 2-отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізге парламенттік оппозиция институты қажет. Біз жаңа қоғамдық парадигманың басты шарты балама көзқарастар мен пікірлер екенін түсінуіміз керек. Соңғы жылдары өз ұстанымдарын ашық білдіріп жүрген белсенді азаматтар бірқатар әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге атсалысты. Біз балама пікірлер мен қоғамдық талқылау тоқыраудың бастауы емес, керісінше, дамудың басты талаптарының бірі екеніне көз жеткіздік», - деді Президент.

Мемлекет басшысының атап өтуінше, «Парламент туралы» Заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру қажет.

«Сондықтан Парламенттегі саяси азшылықтың негізін заң жүзінде бекіту қажет. Бұл үшін «Парламент туралы» Заңды саяси азшылыққа кепілдік беретін нормалармен толықтыру қажет. Мысалы, басқа да партиялардың өкілдері Парламенттегі кейбір комитеттердің төрағасы лауазымдарын иелене алатындай жағдай жасау керек. Бұл биліктің заң шығару тармағындағы баламалы қызметтің жүйелі жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деді Қ. Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар