+7 (701) 759 90 19
USD 388.81 EUR 429.01
RUB 6.08 CNY 55.49
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы бірқатар қабылдаулар өткізді

2019 жылғы 14 қазан 17:28
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы бірқатар қабылдаулар өткізді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевты, Президенттің Парламенттегі өкілдігінің басшысы Бейбіт Исабаевты, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Ерлан Саиров пен Мұхтар Тайжанды қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар
Білім министрі: Әліппеге қатысты жұмыс тобы құрылды Балабақшада ағылшын тілі оқытылмауы мүмкін Қырымбек Көшербаев Башқұртстан жазушысының 100 жылдығына арналған іс-шараға қатысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әділет министрі Марат Бекетаевқа Үкімет дайындайтын заң жобаларының сапалы орындалуына көңіл бөлуді тапсырды.

Бейбіт Исабаев Мемлекет басшысына Парламенттегі өкілдіктің жұмысы, Президент Жолдауы мен сайлауалды бағдарламасында берілген тапсырмаларды іске асыру барысында негізгі басымдықтарды қамтитын заң жобаларының қаралып жатқаны туралы баяндады.

Ерлан Саировпен әңгіме барысында еліміздегі қоғамдық-саяси жағдай және әлеуметтік-рухани мәселелер, мемлекеттің аймақтық дамуы туралы талқыланды.

Сонымен қатар кездесуде Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттары, еліміздің кейбір шекаралық аудандарының дамуы, көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту және жас ұрпаққа сапалы білім беру жағдайы сөз болды.


Мұхтар Тайжанмен өткен кездесуде жер мәселесі, әскери-патриоттық тәрбие беру, қылмыстық жазасын өтеген азаматтарды жұмысқа орналастыру жайы қозғалды.

Сондай-ақ кездесу барысында өңірлердегі азаматтарды баспанамен және жұмыспен қамту, жол салу, экология мәселелері айтылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT