Мемлекет басшысы бірқатар әскери қызметшіні марапаттады

None
Фото: t.me/aqorda_resmi
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы ерлігі мен жанқиярлығы, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар әскери қызметшіні марапаттады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

III дәрежелі «Айбын» орденімен Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің аға нұсқаушысы Бабақұлов Қуаныш Исабекұлы марапатталды.
«Ерлігі үшін» медалімен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6654 әскери бөлімінің взвод командирі Лисбаев Байсейіт Жәнібекұлы, Төтенше жағдайлар министрлігі Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Рахматалиев Данияр Тілекбайұлы.


«Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен Қорғаныс министрлігінің 19033 әскери бөлімі минасыздандыру бөлімшесінің командирі Алдабергенев Мейір Салқынбекұлы; Мемлекеттік күзет қызметінің жедел уәкілі Рамазан Дәурен Қайратұлы марапатталды.




Соңғы жаңалықтар