Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері Жак Атталиді қабылдады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Мемлекет басшысы белгілі француз саясаткері, «Attali and Associés» ассоциациясының президенті Жак Атталиді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесу барысында халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, Еуропа елдерінің Орталық Азиямен өзара іс-қимылдары, сондай-ақ Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жаңғырулардың ілгерілеуі талқыланды.

Француз саясаткері, Еуропалық қайта құру және даму банкінің негізін қалаушы әрі тұңғыш басшысы Жак Аттали Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғысын білдіріп, қазіргі құбылмалы әлемдегі күрделі ахуалда Қазақстан тұрақтылық пен орнықты дамуды сақтап отырғанын атап өтті.

Мемлекет басшысы Қазақстанның басқа елдермен қарым-қатынасында әрқашан бейбітшіл саясат ұстанатынына, өзара тиімді ынтымақтастық пен серіктестікке ашық екеніне, сондай-ақ шетелдік капиталды тартып, инвестициялық ахуалды жақсарту үшін белсенді жұмыс жүргізіп отырғанына баса мән берді.


Соңғы жаңалықтар