Мемлекет басшысы белгілі экономист Нуриэль Рубиниді қабылдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумына қатысу үшін келген белгілі америкалық экономист, Нью-Йорк университетінің профессоры, Roubini Macro Associates консалтинг компаниясының директоры Нуриэль Рубиниді қабылдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

Президент Астана халықаралық форумына қатысып, әлемдегі сын-қатерлер туралы өзінің ой-пікірін ортаға салғаны үшін Нуриэль Рубиниге ризашылығын білдірді. Кездесуде жаһандық қаржы нарығындағы негізгі үрдістер талқыланды.


Соңғы жаңалықтар