Мемлекет басшысы: Батыста қалатын қазақтар айналып келгенде мемлекет дамуына үлес қосады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның келешегін «Болашақ» бағдарламасымен тікелей байланыстыратынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан заманға сай мемлекет. Заманға сай сипаты да жаңара бермек. Себебі, біздің жастар «Болашақ» бағдарламасы бойынша Батыстан оқып келіп жатыр. «Болашақ» - мемлекеттік бағдарлама. Шынында да, Қазақстанның болашағын - «Болашақ» бағдарламасымен тікелей байланыстырамыз. Сол секілді, қазір грант ұтып алып, болмаса шәкіртақыға ие болып, кез келген жоғары оқу орнында оқи беруге болады. Жастар кетіп жатса да, ешқандай кедергі келтірмейтініміз анық. Тіпті жақсы білім алып, Батыстың бір елінде жұмысқа тұрса, біз ол адамды жоғалтып аламыз деп есептемеймін. Бәрібір ол түбі қазақ болып қала береді. Ол бәрібір айналып келгенде өз елінің өрлеуіне үлес қосып, экономикасының өркендеуіне, мемлекетінің дамуына атсалысқысы келері анық», - деді Президент «Deutsche Welle» телерадиокомпаниясына берген сұхбатында.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5-6 желтоқсан күндері Германияға мемлекеттік сапары қарсаңында «Deutsche Welle» телерадиокомпаниясына сұхбат бергенін хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар