Мемлекет басшысы баспана мәселесін бақылауда ұстауды тапсырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үкімет еліміздегі баспана мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, тұрғын үй проблемасын сіздер тұрақты бақылауда ұстауларыңыз керек. Баспана мәселесі еліміздегі ең өткір әрі өзекті проблема екенін түсінулеріңіз қажет. Соңғы кездері бұл жағдай қаншалықты ушыққанын көріп отырсыздар. Оны қалай шешу бойынша ұсыныстар беріңіздер», - деді Президент Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярға қарата айтқан сөзінде.

Осы орайда, аталған саладағы проблеманы шешу Үкіметтің оңтайлы қадамдарына байланысты екенін қадап айтты.

«Сіздердің министрліктеріңіз көппрофильді, ведомство бірқатар мәселелермен айналысады. Тұрғын үй проблемасына үнемі назар аударып отыру керек», - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар