+7 (701) 759 90 19
USD 425.48 EUR 494.2
RUB 6.14 CNY 66.67
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

2021 жылғы 9 тамыз 18:20
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурордың еліміздегі заң нормаларының сақталуы жөнінде есебін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзі Тоқаев Семейде Ф.Достоевскийдің 200 жылдығына атаулы іс-шара ұйымдастыруды ұсынды Мемлекетке қарсы арандатушылықтың барлық түріне тойтарыс беру керек - Президент

Президентке елдегі қылмыстық ахуал, соның ішінде, алаяқтық, балаларға қатысты зорлық-зомбылық, заңсыз есірткі айналымы және басқа да қауіпті құқық бұзушылықтарға қарсы күресті үйлестіру шаралары туралы ақпарат берілді.

Ғизат Нұрдәулетов қылмыстық іс жүргізудің үш буынды моделіне өтудің алғашқы кезеңнің іске асырылу барысы және 2022 жылдан бастап енгізіле бастайтын екінші кезеңге дайындық жөнінде есеп берді.

Мемлекет басшысына ел ішінде резонанс тудырған қылмыстық істерді тергеу нәтижелері және қоғамдық мүдделерді қорғау жөніндегі жұмыстардың қорытындысы туралы баяндалды. Бас прокурордың мәліметіне сәйкес, прокуратура органдарының қабылдаған шараларының нәтижесінде жыл басынан бері 5 мыңға жуық азаматтың, 92 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалып, бюджетке 17 миллиард теңге қайтарылған. 11 мыңнан астам тұлға түрлі жауапкершілікке тартылған.

Сондай-ақ қылмыстық-құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, Бас прокурор өзге елдермен жасалатын келісімдер мен алда болатын көпжақты іс-шараларға қатысу жоспарларымен бөлісті.

Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық өмірдің барлық саласында заң үстемдігін қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтіп, Ғизат Нұрдәулетовке бірқатар тапсырма бер


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT