+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

2020 жылғы 19 қазан 20:59
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаевқа прокуратура органдары қызметінің басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстарының қорытындылары туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Президентінің қылмыспен күресті күшейту, құқық қорғау және өзге де органдардың құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету қызметін үйлестіру жөнінде жүктеген тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады. Оның айтуынша, өткен кезеңде елімізде қылмыс көлемі үш есеге жуық азайған. Ұрлық, қарақшылық шабуылдар, тонау және бұзақылық қылмыстары екі есе аз тіркелген.

Қазақстан Президентіне заңдылықты сақтауды қадағалау барысында прокурорлар сотқа дейінгі тергеу ісі бойынша 63 тұлғаға қатысты негізсіз қылмыстық қудалаудың тоқтатылғаны, сондай-ақ, тергеу мерзімін тоқтату және кейінге шегеру жөніндегі 17 мың заңсыз қаулының күшін жойғаны туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына бизнесті қорғау және бақылаушы органдар тарапынан кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтірудің жолын кесу жұмыстары туралы баяндалды.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың жекелеген саладағы қызметін реттейтін заңнаманы сақтау жөніндегі тексерулердің нәтижелері бойынша прокурорлардың қабылдаған шаралары туралы мәлімет берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент Бас прокурорға бірқатар нақты тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT