Мемлекет басшысы Бақытжан Сағынтаевты қызметінен босату жайлы сауалға жауап берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қызметінен босатуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіз әкімнің қалғанын қалайсыз ба? Әлде ауыстырған жөн бе? Алматы қаласының әкіміне келсек, алғаш рет күтпеген, қиын жағдайға тап болған секілді. Төтенше жағдай күнде болып жатқан жоқ, сондықтан өз басым әкімге кінә артпас едім. Негізі ол - адал кісі. Бір жағынан алматылықтардың күтпеген сәттегі көңіл-күйін де түсінемін. Уақыт келгенде, білетін боласыздар», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы елдегі тәртіпсіздіктер тасасында кім тұр деген сауалға жауап берген еді.

Сондай-ақ, Президент қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткіге еліткен күйде болғанын айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар