+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы азық-түліктің қолжетімділігін қадағалауды тапсырды

2020 жылғы 29 маусым 21:11
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы азық-түліктің қолжетімділігін қадағалауды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік бағасының тұрақтылығы мен оның халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз етуді тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлік бағасының тұрақтылығы мен оның халық үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет. Жұмыспен қамтуды әрі экономикалық белсенділікті қолдау мәселесі аса маңызды мәнге ие. Экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар толыққанды орындалуы тиіс» - деді Президент коронавирус індетінің таралуына қарсы күрес шаралары жөніндегі кеңесте.

Мемлекет басшысы осы тақырыптар 10 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында егжей-тегжейлі қаралатынын атап өтті.

«Бұл міндеттер әр әкімнің ерекше бақылауында болуы керек. Мемлекеттік комиссияға күн сайын жергілікті жерлердегі жағдайды қадағалай отырып, осы тақырыпты үнемі назарда ұстауды тапсырамын. Әкімдіктер өндірушілермен және бизнес-қоғамдастықпен тығыз өзара іс-қимылды жалғастырғаны жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT