Мемлекет басшысы Азия халықтарының өркениеттер қақтығысына ұшырамау сырын айтты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Соңғы жарты ғасырда Азия қайта түлеп, қарқынды дамып келеді. Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Азия елдері қаламгерлерінің тұңғыш форумында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ұлы даламыз сан алуан өркениеттер мен мәдениеттердің куәсі. Еліміз алып құрлықтың батысы мен шығысын, күнгейі мен теріскейін жалғаған тоғыз жолдың торабында орналасқан. Біз бір кездері Ұлы Түркі қағанатынан мирас болған түркі тегімізді сақтай білген халықпыз. Бүгінгі түркі жұртының теңдессіз жетістіктері сол дәуірлерден қалыптасқан ұлы мұралармен тығыз байланысты», - деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы Азия ұлы өркениеттердің дүниеге келуіне, өркен жаюына, кейін тарих қатпарына сіңіп, қалыптасуына куә болған көне құрлық екендігін баса айтты.
«Араб, парсы, қытай, үнді өркениеттері адамзат тарихының ажырамас бөлігі. Шығыс мәдениеттері сан алуан сипаттарына қарамастан, өзара астасып жатыр. Азия халықтары өркениеттер қақтығысына ұшырамай, етене үндестікте дамуының басты сыры да осында. Соңғы жарты ғасырда Азия қайта түлеп, қарқынды дамып келеді. Шығыс мемлекеттері әлемдік алпауыттар қатарынан нық орын алды», - деді Қ.Тоқаев.
- Әлем елдерінің басшылары Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтауда
- Атырауда халық жазушысы Хамит Ерғалиевке ескерткіш орнатылды
- Президент қоғам қайраткері Сұлтан Сартаевтың отбасына көңіл айтты
- ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күніне арналған концертке барды
-
Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған энциклопедияның 3-томы жарық көрді
-
Тоқаев экономика алдында тұрған жаңа сын-тегеуіріндер туралы айтты
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам