Мемлекет басшысы Ауғанстан Президентімен аймақтағы өзекті мәселелерді талқылады

None
None
МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Бүгін Мюнхен қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Мұхаммед Ашраф Ғанимен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ауғанстан жақсы серіктес екенін айтып өткім келеді. Біз шекаралас көрші болмасақ та, қарым-қатынасымыз жақсы», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті еліміздің өкілдігі арқасында Ауғанстандағы экономикалық жағдай туралы хабардар екенін жеткізді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Кемелұлы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпеомен Қазақстандағы кездесу барысында аймақтағы мәселелер туралы пікір алмасқанын айтты.

Қазақстан мен Ауғанстан Ислам Республикасы арасындағы тауар айналымы 2019 жылы 308,1 млн АҚШ долларына бағаланды. 2018 жылы бұл көрсеткіш 402,6 млн АҚШ долларына тең болған. Ауғанстанға Қазақстаннан негзінен ұн, бидай, табиғи газ тасымалданады. Ал біздің елге жеміс-жидектер мен картоп әкелінеді.

Сонымен қатар екі ел арасындағы білім бағдарламасы негізінде 1000-ға жуық ауған студенті Қазақстанда білім алды. 2018 жылы бұл бағдарлама қайта қолға алынып, нәтижесінде былтыр 31 студент Қазақстанға оқуға келді.


Соңғы жаңалықтар