Мемлекет басшысы Атыраудағы «Жігермұнайсервис» ЖШС-не барды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Атырау облысына жасаған жұмыс сапарын «Жігермұнайсервис» ЖШС-нен бастады.

Президент роботты дәнекерлеу әдісін пайдалана отырып, мұнай металл құрастырылымдарын шығаратын мұнай сервисі кәсіпорнының жұмысымен танысты.

Компанияның көрсететін қызметтерінің тізіміне бұрғылау және мұнай кәсіпорнының құрал-жабдықтарын дайындау, мұнай-газ кен орындарын орналастыру жұмыстары кіреді.




Соңғы жаңалықтар