Мемлекет басшысы Астанадағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды

None
None
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін елорда әкімдігінде өткен кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін шешуді тапсырды,

деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

 «Соңғы санақ көрсеткіштеріне қарағанда, қаладағы халықтың төрттен бір бөлігі -14-29 жас аралығындағы жастар. Сондықтан бірінші жоспардың деңгейі жастарға деген  қамқорлық болуы тиіс. Осы орайда университеттерді жатақханамен қамтамасыз ету өткір тұрған проблема», деді Елбасы.  Мемлекет басшысының айтуынша, Еуразия ұлттық университеті мен Агротехникалық университетте жатақханаға зәру 3 мың студент  бар. «Тиісті министрліктер мен әкімдіктің, сондай-ақ жоғары оқу орындарының жүйелі жұмыстарының негізінде бұл проблемаларды шешуге болады», деп қадап айтты Президент.

 Елбасы бұл жоғары оқу орындарының өкілдері мен әкімдік және білім министрлігі бас қосып, айтылған мәселені шешуді тапсырды. Осыған байланысты Мемлекет басшысы кезінде басқа ұйымдарға берілген жатақхана ғимараттарын, босаған кейбір әкімшілік ғимараттарын қайтару туралы ұсыныс жасады.

Соңғы жаңалықтар