Мемлекет басшысы астанадағы №68 мектеп-гимназияға барды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы №68 мектеп-гимназияға барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына елордадағы орта және мектепке дейінгі білім жүйесінің қазіргі ахуалы мен оның келешек даму перспективалары, сондай-ақ, арнайы білім беруді қажет ететін балаларға жасалған жағдай жөнінде мәлімет берілді.null

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Нұр-Сұлтан қаласындағы білім беру мекемелерінде жүргізіліп жатқан цифрландыру жұмыстарының нәтижелері баяндалды. Соның ішінде, балабақшаларға кезекке қою және жолдама беру, мектепке қабылдау және мектептен мектепке ауысу, оқу орнына кіруге арналған бірыңғай электронды карта және оқушылардың тамағы мен жолақысы үшін ақшасыз төлем жүйесін енгізу сияқты үдерістерді онлайн форматына көшіру жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті мектеп-гимназиядағы «Шұғыла» комьюнити орталығы» қосымша білім беру орталығының жұмысымен танысты. Ол астанадағы Оқушылар сарайының филиалы саналады.

Мұнда балалардың қабілетін дамытуға арналған 5 студия мен 13 үйірме тегін жұмыс істейді. Бұл үйірмелерге онлайн жүйесі арқылы жазылуға болады.

null null

Соңғы жаңалықтар