Мемлекет басшысы Арыстағы апат жайында жедел ақпарат берген журналистерге ризашылық білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Ақордада БАҚ өкілдеріне ҚР Президентінің сыйлықтары мен гранттарын табыстау рәсімінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Арыстағы оқиғаны жұртқа жедел жеткізген журналистерге алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Екі күн бұрын ғана Арыс қаласында болған төтенше оқиғалар жөнінде еліміздің түпкір-түпкіріне дер кезіне хабар тараттыңыздар. Бұл әрине барша халықтың жанына батқан оқиға болды", - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті осындай жауапты сәтте отандық БАҚ өкілдері бүкіл Қазақстан жұртшылығына Арыстағы оқиға туралы жедел әрі нақты ақпарат таратқандығын атап өтті.

"Барлық журналистерге алғысымды, ризашылығымды білдіремін", - деді Қ.Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар