+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновті қабылдады

2020 жылғы 25 мамыр 15:00
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы  Алтай Көлгіновті қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы және 2019 жылы қазан айындағы кеңесте берілген тапсырмалардың орындалу барысы туралы баяндалды.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен биыл қолжетімді тұрғын үй құрылысы айтарлықтай жандана түскен. Осы орайда баспана кезегінде тұрған азаматтар мен халықтың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмаған топтары үшін 8 мың пәтерді пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Президентке үлескерлердің проблемасын шешу және бітпей қалған тұрғын үйлердің құрылысына қатысты ахуалды реттеу жайында мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Жұмыспен қамтудың жол картасының орындалуын ерекше бақылауда ұстау қажеттігін айтты. Сондай-ақ инфрақұрылымдық жобаларды, оның ішінде, мектептер мен оңалту орталығын салу, жолдар мен әлеуметтік нысандарды жөндеу, көшелерді, тұрғын үй алаптары мен қоғамдық орындарды абаттандыру сияқты жұмыстарды сапалы жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.

Бұдан бөлек кездесуде инвестиция тарту, шағын және орта бизнесті қолдау, әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарға көмек көрсету мәселелеріне баса мән берілді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті құрылыс секторындағы жұмыстардың көлемін арттыру, үш ауысымдағы мектептердің мәселесін шұғыл шешу, сондай-ақ, жұмыссыз қала тұрғындарын жұмыспен қамту жөнінде тапсырма берді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT