Мемлекет басшысы Алтай Көлгіновке қаланы абаттандыруға қатысты міндеттер жүктеді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елорда әкімі Алтай Көлгіновке қаланы абаттандыруға қатысты міндеттер жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы, біздің елордада тиісті жұмыстар белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Бұны атап өту керек. Сіздің астана әкімі ретінде әлеуметтік тұрғыдағы жұмысыңызды атап өткім келеді. Тұрғындармен, әсіресе проблемалық санаттағы адамдармен кездесіп, мәселені шешуде жұмыстарыңыз жақсы жүріп жатыр. Сіздер халықтың мәселесін тыңдап, жағдайды түсіндіріп жатырсыздар. Бұл жұмыс өте маңызды. Оны жалғастыру керек», - деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында есеп берген елорда әкімі Алтай Көлгіновке қарата айтқан сөзінде.

Сонымен бірге, Президент қала маңын тиісті әлеуметтік, көліктік, тұрғын үй инфрақұрылымдарымен қамтудың өзекті мәселесіне назар аудару керектігін тапсырды.

«Жалпы, қаланы әрдайым абаттандыру жұмысын жүргізіп тұру керек. Аудан әкімдерін осынау маңызды жұмыстарға бағыттау керек. Соның ішінде өз орынбасарларыңыздың бірін осы жұмысқа бекіту керек. Егер тиісті маман жетпей жатса, Үкіметпен ақылдасып, жұмысқа алыңыздар. Себебі, бізге келетіндер – өз халқымыз болсын, шетелдік меймандар болсын – қаланың кейбір кемшін тұсына мән береді. Бұл климаттық жағдаймен байланысты екенін түсінемін. Бірақ, елордада әрдайым абаттандыру жұмысын жүргізіп тұру керек. Себебі, бұл қала – біздің мемлекеттің бет-бейнесі», - деді ол.








Соңғы жаңалықтар