Мемлекет басшысы Алматының абаттандырылмаған аудандарына көңіл аударуға шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда өтіп жатқан 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға

дайындық пен қаланың дамуы мәселелеріне қатысты кеңес барысында қаланың дамуына қатысты бірнеше мәселені тілге тиек етті.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы халықтың тұрғын үй-коммуналдық жағдайын жақсартуға аса мән беруді тапсырды. «Бастықтар жүретін жолды жөндей берудің қажеті жоқ. Қаланың ортасында бәрі жасалған. Сонда да асфальт төсейсіңдер. Одан да ақшаны дамуы кешеуілдеп қалған аудандарға салу керек. Кварталдарды тазалау, спорттық нысандарды жөндеу, арық жүйесін, субұрқақтарды жаңғырту керек. әр тұрғын өзінің мемлекет қамқорлығында екенін білуі керек», - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысы сондай-ақ, қаржыны халықты көгілдір отынмен қамтуға, мектеп, аурухана, балабақшалардың ахуалын бақылауға жұмсау керектігін айтты.

Соңғы жаңалықтар