Мемлекет басшысы Алматы облысының ауыл шаруашылығын үлгі етті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенін басқа өңірлерге үлгі етуге болады. Бұл туралы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорғанға барған сапарында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Талдықорғанда БАҚ өкілдерімен кездесу барысында Елбасы: «Алматы облысы, әсіресе ауыл шаруашылығы саласы бойынша бәріне үлгі болып келеді. Экономикасы орта есеппен 4,2 пайызға өскен. Ауыл шаруашылығы дамып, құрылыс қарқын алып жатыр. Әлеуметтік нысандар пайдалануға берілуде», - деп атап өтті.

nullСонымен қатар, Мемлекет басшысы өңірдің жақын болашақтағы жоспарларын да айқындап берді.

nullНұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Алматы облысының 4 ауданы өңір экономикасының 70 пайызын қамтып отыр. Басқа аудандардың дамуы өте баяу, сондықтан осы мәселеге назар аудару керек.

nullЕстеріңізге сала кетейік, Президент  кеше Алматы облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұған дейін Алакөл ауданында болып, ол жердегі әуежай және жаңадан салынған теміржол вокзалының ғимаратын  көріп, Алматы облысындағы туризмнің дамуына қатысты кеңес өткізді. 

nullnull

Соңғы жаңалықтар