Мемлекет басшысы Алматы қаласының атауына қатысты пікір білдірді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының атауының дұрыс айтылуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы атауына келсек, не үшін құжаттарды қайта өзгертуіміз керек? Алматы атауы қазақтілді азаматтар үшін ыңғайлы. Ал Алма-Ата атауы орыс тілді азаматтар үшін. Осы орайда былай деп келісейік, Алматы қаласының атауын сол күйінде қалдырайық. Ал қалай атайтынын әр адамның еркінде болсын. Мысалы, Қытай елінің астанасы Бейжің, ал біз оны Пекин деп атаймыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Бұған дейін Президент қаңтардағы оқиғаларға қатысқан бандиттер есірткіге еліткен күйде болғаны туралы айтқан еді.



Соңғы жаңалықтар