Мемлекет басшысы: Әлемдік аренадағы еліміздің беделін нығайтуға міндеттіміз

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлемдік аренадағы еліміздің беделін сақтап, нығайтуға міндеттіміз. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар азаматқа мемлекеттік наградаларды тапсыру барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлемдік аренадағы еліміздің беделін сақтап, нығайтуға міндеттіміз. Бұл Тәуелсіздігімізді қорғауға бағытталған маңызды міндеттердің бірі. Қазақстан өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті, ең алдымен ұлттық мүддесін қаперге ала отырып нығайтатын болады. Одақтастарымызбен және стртегиялық серіктестерімізбен, Орталық Азиядағы көршілес мемлекеттермен, барлық мүдделі елдермен ынтымақтастыққа айррықша назар аударылады», - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Қазақстан шетелдегі азаматтарының және бизнестің мүддесін белсенді қорғайтындығын баса айтты.

«Сыртқы саясат - бұл мемлекеттік сапарлар, саммиттер, келіссөздер ғана емес. Әрбір ел әлемге ең алдымен өз азаматтарының жетістіктері арқылы шығады. Біз үшін бұл – қазақстандық мәдениет және оның танымал шеберлері, отандық спортшылардың жетістіктері, ғалымдарымыздың әлемдік ғылыми жаңалықтарға қатысуы, педагогтар мен медиктердің, өндіріс саласы қызметкерлерінің табанды еңбегі», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар