Мемлекет басшысы Ақтөбедегі Шығармашылық академиясына барды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Ақтөбе қаласындағы Шығармашылық академиясына барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елбасы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту бағдарламасы арқылы салынған Шығармашылық академиясына барды.

Қазақстан Президентіне академияның жұмыс жоспары жөнінде баяндалды. Онда бір уақытта 1000-ға жуық бала ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысып, өздерінің ақпараттық технологиялар саласындағы қабілеттерін дамыта алады.

Соңында облыс әкімі Б.Сапарбаев өңірдің қазіргі кезеңдегі негізгі даму көрсеткіштері туралы айтты.    

Айта кетерлігі,  Шығармашылық академиясы «Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының қаржысына салынған. Мекеме 6-18 жас аралығындағы балалар мен жастарға мектептен тыс қосымша білім беруге арналған.  

Соңғы жаңалықтар