Мемлекет басшысы Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында болды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбедегі «Қазхром» ТҰК» акционерлік қоғамының ферроқорытпа зауытында болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысына Қазақстан металлургиясы көшбасшыларының бірі саналатын зауыттың технологиялық үдерісі мен өндірістік көрсеткіштері көрсетілді.

Қазақстан Президентіне «халық бақылауы» жобасы таныстырылды. Бастама аясында мүмкіндігі шектеулі жандар өндіріс орнында қауіпсіздік техникасың сақталуы мен еңбектің қорғалуын қамтамасыз етуге атсалысады.

Мемлекет басшысы жобаның әлеуметтік маңызын атап өтіп, оның іске асырылу нәтижелерін жоғары бағалады, сондай-ақ, бұл тәжірибені кеңінен қолдануды тапсырды.

- Біз бұл бастаманы қолдаймыз. Өйткені, өндірісте жарақат алып қалу қауіпі жоғары болғандықтан, бұндай жұмыс өте пайдалы және қажет. Еңбеккерлерді әлеуметтік жағынан қызықтыратын жобаның маңызы зор. Баршаңызға денсаулық, бақ-береке тілеймін, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

null null null

Соңғы жаңалықтар