Мемлекет басшысы Ақтаудағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Ақтау қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлерге «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін орталықтың жұмысымен танысты. Орталық мемлекеттік сатып алу, бухгалтерлік, салық және статистикалық есептер, кедендік рәсімдер, ақпараттық технологиялар бойынша қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету және кәсіпкерлерге құқықтық көмек беру мәселелері жөнінде тегін кеңес беріледі.null

Сонымен қатар, Президентке «Бастау-Бизнес» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы баяндалды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жобалары: түйе шаруашылығы, репетиторлік орталық, типография, сұлулық салоны, стоматологиялық кабинет, балабақша және басқа да бастамалар таныстырылды.

null

Соңғы жаңалықтар