+7 (701) 759 90 19
USD 425.71 EUR 495.53
RUB 5.99 CNY 66.56
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы Ақтауда коммуналды және көтерме базарлар салуды тапсырды

2021 жылғы 22 қыркүйек 18:39
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы Ақтауда коммуналды және көтерме базарлар салуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта қалпына келтіру қажет. Бұл туралы Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде кеңес өткізген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Биылғы 9 айда Қазақстанда ІЖӨ-нің өсуі 3,4 пайыз болды - ҰБ 2022 жылы тауарлар экспорты 60,1 миллиард доллар деңгейінде болжанып отыр - Ерғалиев Мәжіліс Ұлттық қордан кепілдендірілген трансфертке қатысты құжатты мақұлдады

Президент инфляция деңгейінің жоғары екенін және азық-түлік тауарларының бағасы тез қымбаттап жара жатқанын келесі бір маңызды мәселе ретінде атап өтіп, аталған проблеманы шешу қажеттігін айтты.

«Азық-түліктің 80 пайызға жуығы импортталады. Осы ретте, 50 мың тонна көкөніс сыятын қоймалардың тапшылығы байқалады. Бұл еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш. Аталған мәселені маңыздылығына қарай шешу қажет. Ол үшін тиісті механизмдер бар. Осыған қатысты Үкімет Көкөніс қоймаларының құрылысы жөніндегі жол картасын әзірледі. Азық-түлік бағасының қымбаттауын тоқтату үшін ауыл шаруашылығы өнімдеріне толық қолжетімді әрі ретке келтірілген сауда алаңдарын ашу керек. Әкімдікке Ақтау қаласында коммуналды және көтерме базарларды салуды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент банкрот жағдайында тұрған Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта қалпына келтіру қажеттігін жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, бұл өңірді ұнмен және жеммен толық қамтамасыз етіп, 200 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Осы міндеттерді шешу үшін Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкімдігі мен Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияға азық-түлік тауарларының бағасын төмендету, сауда инфрақұрылымын дамыту шараларын қабылдауды, өзге аймақтардың өндірушілерімен ұзақмерзімді шарттар жасауды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT