Мемлекет басшысы АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісін қабылдады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниэл Розенблюмді қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Президент Қазақстан АҚШ-пен барлық бағытта стратегиялық серіктестікті нығайтуға және кеңейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Өз кезегінде Дэниел Розенблюм Қазақстан Орталық Азиядағы сенімді серіктес екенін атап өтіп, АҚШ тарапы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүргізіп жатқан реформаларын толығымен қолдайтынын мәлімдеді.

Фото: akorda.kz


Соңғы жаңалықтар