Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы асыл тұқымды мал бордақылау кешенін іске қосты

None
None
ТАНА. 11 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін Астанада өтіп жатқан Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған Агроөнеркәсіп кешені қызметкерлерінің республикалық форумы барысында Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «он-лайн» режімінде Ақмола облысының Азат ауылында орналасқан асыл тұқымды мал бордақылау кешенін іске қосты.

Аталмыш нысан 2400 ірі қара мал басына және 3000 ірі қара бордақылау алаңына арналған «SC Food» асыл тұқымдық репродуктор болып табылады. Бүгінгі таңда кешенге шетелдік селекциялық ангус тұқымды 446 мал басы жеткізілген. Нысанда солтүстікамерикалық технология қолданылады. Яғни еркін жайылым алаңдарында мал бос, байлаусыз ұсталады. Жыл сайын өндірісте ірі қара малдың 1180 басы асыл тұқымды сатылымы жүзеге асырылып, сойлым салмағында 772 тонна ет өткізілмек.

Қазіргі кезде аталмыш өндірісте 80 жұмыс орны құрылған.

Соңғы жаңалықтар