+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

2021 жылғы 4 мамыр 19:20
Бөлісіңіз:
Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы адам құқықтары жөніндегі уәкіл Эльвира Әзімованы қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ұқсас жаңалықтар
Президент қырғыз еліне гуманитарлық көмек көрсетуге шешім қабылдады Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жусан» операциясы қауіпсіздік қызметкерлерінің кәсібилігін көрсетті Тоқаевқа «Қазақстан темір жолының» жұмысы жайында мәлімет берілді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа омбудсмен офисінің құқық қорғау қызметі бағытында атқарып жатқан жұмыстары, оның ішінде, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қабылданған маңызды шешімдер жайында баяндалды.

Бұл шешімдер азаматтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдігін одан әрі нығайтуға бағытталған.

Эльвира Әзімова Президентке әйелдердің, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық және атқарушы деңгейлерде қабылданатын шаралар туралы ақпарат берді.

Кездесу барысында құқық қорғау қызметімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдарды қолдауды кеңейту, қылмыстық заңнаманы ізгілендіру саясатын жалғастыру, сондай-ақ, Адам құқықтары бағытындағы заң шығару процесіне Уәкілді және азаматтық қоғам өкілдерін тарту жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Кездесуде «Омбудсмен туралы» заң қабылдау жөнінде айтылып, Уәкіл институтына мемлекеттік қолдау көрсету және оның әлеуетін өңірлер деңгейінде нығайту мәселесі талқыланды.

Президент азаматтардың тікелей қатысуымен қоғамдық бақылау түрлерінің бірі ретінде 2014 жылы құрылған Азаптаулар мен қатыгездікті болдырмау бойынша ұлттық алдын алу тетігінің қызметін жалғастырудың маңызын атап өтті.

Мемлекет басшысы азаматтардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге жәрдемдесу қажеттігін айтып, Үкімет әзірлеген «Қоғамдық бақылау туралы» заң жобасы аясында қажетті шаралар қабылдауды тапсырды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT