Мемлекет басшысы 55 зауыт туралы: Бұл даңғаза қауесет

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Көрші елдің 55 ескі зауыты салынатыны туралы ақпарат – даңғаза қауесет. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осындай пікір білдірді.

«Тәуелсіздік пен мемлекеттілік – бұл қастерлі құндылықтарымыз. Билік пен қоғам ең алдымен тәуелсіздікті қорғап, мемлекеттілікті нығайтуға қызмет етеді. Соңғы уақытта «Жер шетелдіктерге сатылады екен» немесе «көрші елдің 55 ескі зауыты көшіріледі», «мыңдаған шетелдік жұмыскерлер тартылады екен» деген сияқты түрлі қауесет әңгімелер тарап жүр. Халқымыз мұндай даңғаза әңгімелерге ермеуі қажет. Ондай қауесеттер адамдардың патриоттық көңіл күйін шебер пайдаланып жүрген ниеті дұрыс еместерден таралып жатыр», - деді Президент.

Еске сала кетсек, елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің алғашқы отырысы өтіп жатыр.

«Қазақстан Президенттік басқару формасындағы мемлекет ретінде қалуы керектігіне сенімдімін. Алайда Парламент саяси жүйедегі лайықты орнын алуы қажет», - деді жиында Президент.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы, Қазақстанда саяси реформалар қажеттілігі пісіп-жетілгенін мәлім етті.








Соңғы жаңалықтар