Мемлекет басшысы 18-19 шілдеде жұмыс сапарымен Сауд Арабиясына барады

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақорданың баспасөз қызметі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы аптадағы жұмыс кестесін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысы биылғы 18-19 шілдеде «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» атты мемлекеттер басшыларының саммитіне қатысу үшін Сауд Арабиясы Корольдігіне жұмыс сапарымен барады.

Сондай-ақ саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар