Мемлекет басшысы 11-12 қыркүйекте Қытайға сапармен барады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышевті қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Шахрат Нұрышев Мемлекет басшысына оның биылғы 11-12 қыркүйекке жоспарланған Қытайға сапарына дайындық барысы жөнінде мәлімет берді.

Президент Бейжіңде өтетін алдағы келіссөздердің маңыздылығын атап өтіп, елшіге бірқатар нақты тапсырма берді.

Соңғы жаңалықтар