Мемлекет башысы жаһандық ахуал жөнінде: Қауіпті десек қателеспейміз

None
Фото: akorda.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Ақордада жайылған ауызашар дастарханы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адамзатқа мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттер жетіспей жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бәріміз де – мұсылман баласымыз. Хақ дініміздің құндылықтарын білеміз. Оны сақтауға, өмірлік ұстаным етуге тырысамыз.
Қазіргі жаһандық ахуалды баршаңыз көріп отырсыздар. Бұл ахуал аса күрделі, тіпті қауіпті десек қателеспейміз. Сын-қатерлер өте көп. Мейірімділік, жанашырлық, қамқорлық сияқты қасиеттер жетіспей жатыр. Адамзат үшін өте қауіпті бұл үрдісті тоқтатуға бәріміз күш салуымыз керек. Ол үшін осы асыл қасиеттерді әрқайсымыз жүрегімізде сақтауымыз қажет деп санаймын. Сондай-ақ оны күнделікті іс-әрекетпен, көркем мінезбен көрсеткен абзал. Меніңше әр мұсылман үшін қасиетті Рамазан айының мән-маңызы – осында.
Баршаңызға амандық тілеймін!
Еліміздің береке-бірлігі арта берсін!
Дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!», - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін «Ақорда» резиденциясында Мемлекет басшысының атынан берілген ауызашарға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдар, дәрігерлер, мұғалімдер, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, мәдениет қайраткерлері, құтқарушылар, еңбек адамдары қатысты.


Соңғы жаңалықтар