Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелерін сақтап қалуды міндеттеді - профессор Ә.Айменов

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» Жолдауынан елімізде тұрғындардың әлеуметтік қорғалуын нығайту бойынша қандай шаралар қолданылатыны туралы барлық сұрақтарға жауаптар алуға болады, деп есептейді М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры, экономика ғылымдарының докторы Әнуарбек Айменов.

«Президент кезекті рет қазақстандықтардың назарын халықтың әл-ауқатын жақсартуға, адами капиталды дамытуға салып отыр. Тұрақсыз әлем экономикасының жағдайында Қазақстан әлеуметтік міндеттемелерінен бұрылмайды, деп атап өтеді Мемлекет басшысы. Әлем экономикасында күтіліп отырған «ғаламдық сынақтарға» қарамастан Елбасы Үкіметке ұлттық қордан 2015, 2016 және 2017 жылдарға жыл сайын қосымша 3 млрд. долларға дейін қаржыны бөлуді тапсырды», - дейді әлемдегі ешбір елдің өз халқына осындай қамқорлық жасамайтынын атап өткен Ә.Айменов.

«Ұлт көшбасшысы барлық сөздерінде елдің басты байлығы - адами капитал екенін айтады. Бұл жай ғана сөздер емес. Бұл жәрдемақы, шәкіртақы және зейнетақы көлемінің жыл сайын өсуі, аналық капиталды құрудың нақты перспективасы, жас отбасылар үшін «Қолжетімді баспана» бағдарламасы және тағы басқалары. Президент мемлекеттің қазақстандықтар үшін жекеменшікке сатып алу құқығы берілетін әлеуметтік арендалық үйлерді салуды жалғастырып, Үкіметке жақын екі жылдың ішінде құрылысты қаржыландыруды 180 млрд. теңгеге өсіруді тапсырды. Баспананы жаңа бағдарлама бойынша ұсыну тікелей, делдалдарсыз, максималды төмен пайыздармен жүреді. Көптеген жас отбасылар, төмен жалақы алатын адамдар көптен күткен үйлеріне қол жеткізе алады, бұл елдегі демографиялық жағдайдың айтарлықтай жақсаруына мүмкіндік туғызады. Апатты жағдайда тұрған мектептерді жөндеу жұмыстарына қосымша 70 млрд. теңгені бөлу балалардың лайықты білім алуына қамқорлық жасау деп айтуға болады. Ал бұл сонымен бірге жаңа жұмыс орындарының ашылуына да апарады ғой», - дейді ТарМУ профессоры.

Ә.Айменов отандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қазіргі проблемаларын да тілге тиек етті. «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың инфрақұрылымы айтарлықтай тозған. Осыған байланысты оның жаңғыртылуына 2020 жылға дейін жыл сайын 200 млрд. теңге көлеміндегі қаржыны бөлу шешілді», - деді спикер.

Ә.Айменов Мемлекет басшысының барлық шешімдерінің халқына деген қамқорлығының айғақ көрінісі екенін атап өтуде. «Онымен бірге Ұлт көшбасшысы әрбір теңге үшін сұрау қатаң болатынын ескертеді. Бөлініп отырған қаржының мақсатты жұмсалуы, жұмыстың сапасы үшін Үкімет пен әкімдер жауапты. Ол дұрыс, өйткені әрбір маңызды істе мінсіз тәртіп болуы керек», - деп есептейді Ә.Айменов.

Соңғы жаңалықтар